10 қазандағы саудада доллар бағамы 490 теңгеден асты

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 10 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,35 теңгеге көтеріліп, 490,81 теңге болды.

Юань бағамы да көтеріліп, 69,33 теңгені (+0,09) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 490,7-493,7 теңгеге, еуро 537-541,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 10 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE бойынша желтоқсандағы Brent фьючерстері 1,16%-ға өсіп, барреліне 77,47 долларды құрады.

Қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай барреліне 1,38%-ға өсіп, 74,25 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 489,06 теңге, еуроны 536,21 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.

Автор: Caravan.kz