Бұл туралы YK-news.kz жазады.
Еске салсақ, 27 маусымда полицияға Буров көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің тұрғындары аулада қараусыз бала жүргенін хабарлаған. Тәртіп сақшылары үш жасар баланы алып кетіп, баланы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына апарған, олар баланың анасының кім екенін анықтай алды.
«Ол Семей тұрғыны болып шықты, - деп хабарлады Өскемен ІІБ баспасөз қызметінен. - Әйел баланы әзірге алып кете алмайтынын айтты. Себебін айтудан бас тартты. Оны көшеге неліктен жалғыз тастап кеткені де жұмбақ күйінде қалды». Сондықтан жергілікті орган Мирасты бейімдеу орталығына өткізуіне тура келді.
Өткен аптада балалар үйіне Мирастың анасын танитын бірнеше адам хабарласты. Олар баланы алып кеткісі келді. Алайда қамқорлыққа алу органы беруден бас тартты. Себебі жүгінгендер баланың заңды өкілі емес.
«Жағдай әр түрлі болуы мүмкін, тіпті болмағанда, анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады, - деді ШҚО білім беру басқармасының қамқорлыққа алу бөлімінің бас маманы Дмитрий Ошиток. - Әрине, бірінші кезекте, баланы отбасына қалдыруға, жақын туыстарына беру жақтары қарастырылады. Олар осы өтінішпен қалалық білім беру басқармасына жүгіне алады».