«Екі ел арасындағы студенттердің алмасу ағыны ұлғайып келеді. Мәселен, өткен жылы Қазақстанға 35 Қытай студенті келді, биыл бұл көрсеткіш елуге көтерілді, ал Қытайдағы қазақстандық студенттер он мыңнан асады», - деп мәлімдеді Чжан Вэй.
Оның айтуынша, тамыз айының басында Қытайдың алғашқы туристік тобы Қазақстанға келді. Демек, Қазақстан ресми түрде Қытай туризмінің бір бөлімшесіне айналды.