Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кеше түнде Шымкентте болды. Кездейсоқ куәгер полицияға көше қиылысындағы көпірден секіргелі жатқан қыз туралы хабарлаған. Оқиға орнына бір жарым минут ішінде патрульдік инспектор Мейіржан Барат жетті.
Тәртіп сақшысы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.
«Қуанышыма орай, жақын жерде болдым. Үлгердім. Оқыс оқиға болмады. Бұл – менің міндетім», - деп қысқа қайырды офицер.
Қазіргі таңда қыз баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.