Енді Halyk және Qazkom клиенттері біріккен банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша аларда ешқандай айырмашылық көрмейді.
2017 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша, Халық банкінің банкоматтар желісі 2367 құрылғыны ұсынып отыр, соның ішіндегі 559 банкоматтың cash-in функциясы бар, Қазкоммерцбанктің банкоматтар желісі 2292 құрылғыны құрады, олардың 465-інде қолма-қол ақша қабылдау функциясы жабдықталған. Қазіргі таңда Халық банк 6 млн карта ұстаушыларға қызмет көрсетсе, ал Қазкоммерцбанкте – 2 млн астам. Қазақстанның экономикалық белсенді азаматтарының көпшілігі екі банктің біріктірген банкоматтар желісінің артықшылықтарын пайдалана алады. Айта кетейік, Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk+Qazkom банкоматтар желісі болып табылады.
Қолма-қолсыз төлемдер нарығы белсенді түрде дамып жатқандығына қарамастан, қаражатты банкомат арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру Қазақстандағы ең танымал банктік операциялардың бірі болып табылады. Ресми статистика бойынша, тек 2017 жылғы сәуір айында ғана қазақстандықтар 683,2 млрд теңгеге осы сынды 17,6 млн транзакцияны жүргізген.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның акцияларын сатып алғаны туралы мәлімдеген болатын.