10 жасар Әлішер Олег Газмановтың «Есауыл» әнін орындап, қазылар алқасын таңғалдырды. Жас дарынға жүлдегердің дипломын, сондай-ақ 3 мың доллар сомасында ақшалай сыйлық берілді.
Байқауға 17 мемлекеттен 20 жас дарын қатысты. Бұл жылы халықаралық қазылар алқасын грузин композиторы және әншісі Джемал Сепиашвили басқарды.
Грузияның атынан шыққан 11 жасар Мариам Бичошвили байқау жеңімпазы атанды.