10 жыл бойы іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған азамат 2006 жылдың 29 сәуірінде Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Жазаны орындаудың мемлекеттік қызметі мекемесінен қашып, тергеуден жасырынып келген. Оның үстінен осыған дейін Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 336-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталған азаматқа қатысты «қамаққа алу» жолын кесу шарасы қолданылды.


Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.