Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі көп жыл сәби күткен отбасының гендер-party-ын жасап берді.
“10 жыл перзент күткен Перизат ханымға гендер пати өткізіп бердім. Баршаңызға осындай керемет жаңалық жұғысты болсын!”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актрисаның идеясын қолдап жатыр.
“Біз төрт жылдан бері күтіп жүрміз”, “Әсерлі сәт болған екен”, “Ұл бала дүниеге келеді”, “Киноларыңыз да сәби аңсаған отбасыға жігер береді”, “Мен де қосылып жылап отырмын”, “Әйелі қуаныштан көзінен жас шықпай қалды”, – деп жазды көпшілік.