10 жылдан кейін топан судың астында қалуы мүмкін қалалар

Мұның барлығы климат өзгерісінің салдарынан болуы ғажап емес, деп жазады islam.kz.

Бұл туралы nationalgeographic.kz хабарлайды

Күн жылынған сайын Арктика мен Антарктида мұздықтары еруін жалғастырып, жер бетінде су деңгейі көтеріледі. Ал мұндай жағдайда табиғи апат көбейіп, бүкіл әлем осы ғасырдың аяғында адам танымастай болып өзгереді.

Жазда 50 градус аптап ыстық пен қыста 50 градус суық, жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрайтын жел, шелектеп құйған жауын болашақта қалыпты жағдайға айналмақ. Күші еселенген құйын мен тайфуннан кем дегенде 150 миллион адам қаза тауып, миллиардтағаны зардап шекпек.


Кейбір ғалымдардың пікірінше, 2050 жылға дейін Арктика толық еріп кетуі мүмкін. Мамандар бүгіннен бастап экологиялық мәселелерге үлкен мән берілмесе, кейін тым кеш болып кетеді деп зар қағуда.