"100 миллион кетті": Абай Бегейдің зәулім сарайын көрсетіп, өзінен 16 жас кіші келіншегінің құпияларын айтты

Зәуләм үйін "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасында таныстырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Тек тоймен мынадай үй салу қиын. Жиған-тергеніммен әйтеуір салдық", - дейді Абай Бегей.

Сондай-ақ, арнайы, қолтырауынның терісінен тігілген аяқ киімдерін көрсетіп қалды. Оның бір туфлиінің құны - 500 доллар тұрады екен. 

Ал, әнші өзінен 16 жас жары туралы "Әкем анамнан 16 жас үлкен. Сол қайталанып тұр ғой" деп айтты.

Абай Бегей қазіргі жұбайымен бірінші әйелі қайтыс болғаннан кейін некелескен еді. Келіншегі Фарида алғашқыда өзіне оңай болмағанын жасырмады: "Менен біреу келіп сұраса "Мен балалары бар адамға тұрмысқа шығайын деп жатырмын" десе, мен "шықпа" деп айтар едім. Өйткені, үйренісіп кете ме, кетпей ме білмейсің. Балалар - аманат. Күйеуге шығамын деп айтқаннан кейін соңына дейін төтеп беруім керекпін. Бір отбасыға барып, ол балалар сені 1-2 пайыз болса да қабылдап қалғаннан кейін кетіп қалсаң тағы болмайды. Ол балаларға одан әрімен қарай ауыр тиеді. Кері шегінетін жол жоқ", - дейді ол.

"Оқып, жұмыс жасағаныңызды білемін. Қазір көп уақытыңыз бала тәрбиесі, үй шаруасымен кетеді. Бұрыңғы кездеріңізді армандайсыз ба?" деген журналист сауалына өнер иесінің жары былай деп жауап берді:


"Магистратурамды бітіре алмадым. Тек дипломымды қорғау қалған еді. Арманым сол магистратурамды бітіріп, тағы бір жоғары оқу орнына түскім келеді. Мен исламтанушымын ғой. Қайтадан сол құран мен араб тілінен сабақ бергім келеді", - деген.