Бұл жоба шын мықтылардың төзімі мен ерік-жігерін сынға салатын ерекше дода, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«100 Sarbaz» ерлік пен қайсарлықтың нағыз көрінісі. Сондай-ақ еліміздегі ең алғашқы әскери-патриоттық реалити жобасы. Аталмыш дода "Jibek Joly" арнасында көрсетілетін болады.
Бағдарламаның жүргізушісі-танымал кино және театр актері Берік Айтжанов.
"100 Sarbaz" әскери-патриоттық реалити-жобасының атқарушы продюсері және қоюшы режиссері Айгүл Ақсамбиеваның айтуынша, түсірілім қазан айының соңында басталған. Бірінші шығарылымы 1 желтоқсан күні көрермен назарына ұсынылды.
"Жобаның мақсаты-сарбаздардың портретін көрсету және әскери қызметшілердің ең жақсы қасиеттерін — батылдық, қайсарлық пен шешім қабылдай алу мінездерін көрсету. "100 сарбаз" — құрмет жобасы. Оған әуе қорғанысы күштері, Құрлық әскерлері, Ұлттық гвардия сияқты он команда қатысады. Бұл медиа нарық үшін ерекше жоба. Ауқымды реалити-жобаларға көп телеарналар бармайды, — деді ол.
Жобада қатысушылар өздерінің күші мен батылдығын ғана емес, сонымен қатар ең қиын сынақтарға төтеп бере алатын ойлау қабілеттерін де көрсетуі керек.
Толық нұсқасын мынау сілтеме бойынша көре аласыздар.