103 жастағы кейуана коронавирустан бір аптада айығып шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы STAN.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды

Семнандық әжей Ирандағы коронавирустан жазылып шыққан екінші қарт атанып отыр. Бұған дейін Керман қаласының 91жастағы тұрғыны да ауруды жеңгені белгілі болған. Өзінің демікпе және жоғары қан қысымына қарамастан ер азамат небәрі 3 күн ғана аурумен күресіп, ақыры айыққан.Қария тұрғын ауруханада бір апта бойы жатыпты. Семнан медицина ғылымдары университетінің басшысы Навид Данайидың сөзінше, бұл уақытқа әжей толығымен аурудан айығып шыққан. Десек те ол дәрігерлердің қандай ем түрін пайдаланғандарын ашып айтпады.

ДДСҰ мәліметі бойынша коронавирустан 80 жастан асқан адамдардың 21,9 пайызы көз жұмады екен.


Қазіргі күні індетке тап болғандардың саны 204 мыңнан асып отыр. 8,2 мың науқастың өмірін сырқат жалмаған. Иран пандемияның тағы бір ошағына айналды. Бүгінгі таңда елде 17 мың тұрғын ауруға шалдығып, оның мыңнан астамы бақилық болыпты.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 37-ге жетті. Тағы екеуі шетелде ем қабылдауда.