Ер адам қазір 15 баланың әкесі, жүздеген немеренің атасы. Ол екінші әйелі тастап кеткеннен кейін үшінші рет үйленгісі келетінін айтқан. Оның таңдауы небәрі 37 жастағы әйел болды. Салтанатты шара айдың басында өткен.
Жүз жасаған ақсақалдың ұлдарының бірі журналистерге әл-Мансури бірнеше ай бойы екінші әйелінің өзіне қайтып келуін күткенін айтты. Келмеген соң ол үшінші неке туралы шешім қабылдаған. Ол балаларынан ештеңе талап етпейтінін мойындады.
"Тек Алла Тағала жарылқап, мені жалғыз қалдырмаса екен", - дейді қарт.