106 күн қапаста жалғыз отырған белгілі қазақ саясаткері қырғыз түрмесіндегі сұмдықтар туралы айтып берді

2009 жылы 27 сәуір мен 2010 жылдың 8 сәуір аралығында саяси тұтқын болды. МҰҚК-нің Бішкектегі уақытша ұстау абақтысында отырды.

Ол КАРАВАН басылымына қырғыз түрмесіндегі сұмдық жағдайлар туралы айтып берді.

– Мен жалғыз адамдық камерада 106 күн отырдым. Өлі тыныштықта отырған тұтқынның жағдайын елестетіп көріңізші. Кейде көрші камералардан есінен адасқан зектің қорқынышты айғайы естіледі,- дейді Эркін Бөлекбаев. – Кітап, газет оқуға болмайды. Күніне үш мәрте тамақ әкеледі.Көрген бетте-ақ тәбетің жойылады.

Тар камерада ары-бері жүргеннен басқа амал жоқ. Жүйкең әбден тозады.Басыңа түрлі ойлар келеді.

Түнде үлкен дәліздер неше түрлі айғай-шуға толып кетеді.Кейде көрші камераларға бетперде киіп, таяқ ұстаған сақшылар кіреді. Кейін бостандыққа шыққан зек танып қоймас үшін беттерін бүркемелейтін болса керек. Ер адамдар соққыға шыдамай жылап, айғайлайтын.Басқалары темір торды соққылап, айғайлап қарсылық көрсетіп жатады.

Сосын мені Бішкектегі № 1-тергеу абақтысына ауыстырды. Ол жерде өз заңдарымен өмір сүретін «қаралар» отырды.

Талай жыл түрмеде отырған бұл қылмыскерлер мені темір арматурамен ұрды. Олар: «Эркін-байке, кешіріңіз, біз сізді сыйлаймыз. Бірақ бізді осылай істеуге мәжбүрлеп отыр. Басымыз кеткенше, сізді ұрғанымыз жақсы», дейтін.

Түрмеде сотталғандар бірнеше топқа бөлінетін. Негізгі зектер ұрып-соғуға шыдағандары. Мен солардың арасында болдым.

Сондай-ақ «әдепсіз» зектер тобы бар. Олар бөлек қамалады. Өзге зектер өлтіріп тастамас үшін қыдыртуға арнайы күзетпен алып шығады. Бұл топқа бұрғынғы тәртіп сақшылары, шенеуніктер, сот және прокуратура қызметкерлері жатады.

Құрманбек Бәкиевті орнынан алған кезде жақтастарым түрме маңына келіп шу шығарды.Мені босатуды талап етті.Түрме бастығына келіспеске амал қалмады.

Саяси қызметімді жалғастырдым. Жасылдар партиясын басқардым, сосын қазақтар қауымдастығына басшы болдым.Қырғызстан - менің отаным. Менің осы елдің азаматымын.Мен түрмеде отырғанда көптеген қырғыздар мені қорғау үшін талай қарсылық шараларын өткізді, аштық жариялады. Туып өскен жердегі өз халқымды тастап кете алмаймын,- дейді қандасымыз Эркин Бөлекбаев