10-маусым - Астана күндігінде аспаздардың бірінші фестивалі өтеді

Бұл шараны ұйымдастырушылар бұған дейін беймәлім болып келген дарынды аспазшыларды сыналтып, алдағы уақытта "Экстра класс" және "Мастер класс" байқауларына қатысатын таңдаулы аспазшыларды анықтау, даяшылық мәдениетінің деңгейін сапалық жоғары сатыға көтеру секілді бірнеше мақсат көздеп отыр.

Байқауға қатысушылар дүниежүзінің көптеген елдерінің дастархан мәзірін әзірлейтін болады. Ал фестиваль өтетін Иманов көшесіне бұл күні жолы түскен Астана тұрғындары мен қала қонақтары шебер аспаздар дайындаған осындай дәмді тағамдарға тегін дегустация жасау мүмкіндігіне ие болмақ.