10-наурызда Астанада "Еліміздiң 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудағы ғылымның және санаткерлiк меншiктiң орны" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік бас қосу өтеді

Конференцияға оған қызығушылық танытқан түрлі министрліктердің өкілдері, ҰҒА-ның мүшелері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бас қосуда ғылыми зерттеулер нәтижесін өндірісте пайдалану, ғылыми жобаларлы мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландыру, ғылым саласына арнап маман дайындау проблемалары талқыланбақшы.