10-желтоқсанда Таиланд Корольдігінде зілзаладан зардап шеккендерді іздестірудің қажеттігіне қатысты мәселе шешіледі

Таиланд жағының ресми мәліметіне сәйкес, цунами салдарынан ел аумағында қаза тапқандардың жалпы саны 4993 адамға жетті, олардың 3810-ы шетелдік туристер.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, табиғи апат кезінде Пхукет аралында болған еліміздің үш азаматы әлі табылған жоқ. Сондай-ақ, ҚР СІМ-нің қызметкерлері туыстарының айтуынша зілзала кезінде аралда болуы мүмкін 24 Қазақстан азаматының тағдырын анықтап жатыр. Олардың қайда жүргені туралы мәлімет жоқ. ҚР СІМ-іне Қазақстан азаматтарының қаза тапқандығын дәлелдейтін ақпарат та түспеген.
Министрлік ақпаратына сәйкес, 5-қаңтарда Бангкоктен Алматыға тағы екі ұшақ келеді. "Оңтүстік Шығыс Азиядан Қазақстанға келетін ұшақтардың саны мен рейстердің жиілігі жағдайға байланысты анықталады. Еліміздің азаматтары үйге толық оралуы үшін қанша ұшақ қажет болса, сонша ұшақ шығарылады",- дейді министрліктегілер.
Сондай-ақ, бүгін кешке Шри -Ланкадан Қазақстан ұшағы оралады деп күтілуде,- деп хабарлайды ҚР СІМ.