"11 жыл біргеміз": Қабатовтың екінші әйелі жеке өмірі туралы бар шындығын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қабатовтың тоқалы желіде көпшіліктің сұрағына жауап берген. Ол онда жайдарманшымен бірге 11 жыл тұрып жатқандарын мойындаған.

Сондай-ақ ол өзіне дөрекі сөйлеген оқырмандарына шүйлікті.

"Көп қыздардың сұрақ қою әдебіне мән бердім. Неге соншалықты дөрекі, мәдениетсіз қоясыздар? Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады дейді емес пе? Өмірде де сол дөрекілік әдетке айналып кететіні анық. Білмесеңіз, оқыңыз. Сұрақ қоюдың да өз мәдениеті бар. 99% жиіркенішті сұрақтар. Бірақ ол сіздің деңгейіңіз әрине", - деді ол.