11-13 маусым күндері Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі келеді

Бұл туралы  АҚШ елшілігі мәлімдеді.

Ол "Алматы консенсус" конференциясына қатысады.

«Бұл USAID ұйымының «Жаңа Жібек жолы» жобасына қатысу түрі. Онда бес даму саласының мәселелері, орталық-азиялық жобалар, сауда, энергетика, су, ресурстар, азық-түлік қауіпсіздігі, адам өлшемі талқыланады.

Қазіргі кезде Астанада АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі Орталық Азия мәселелері жөніндегі директоры Джастин Рейнолдс сапармен жүр.