114 қазақстандық спортшы ХХХ жазғы Олипиада ойындарына жолдамаларды иеленді

Акцияға алдағы төртжылдықтағы сайыстарға жолдама алған спортшылар, спорт ардагерлері, жанкүйерлер қатысты.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасы Талғат Ермегияев пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Дархан Қалетаев құттықтау сөз сөйледі.

Қор Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ресми әріптесі.

«Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына ұлттық құрамамыз жоғары деңгейде дайындалып жатыр»,- деді Т.Ермегияев өз сөзінде. Төрт жылда бір келетін жарыстарға Қазақстан құрамасы 114 жолдама ұтып алды.

Акция барысында олимпиада спортшылары ант берді. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасы Т.Ермегияев спортшыларға Қазақстан ұлттық құрамасы мүшесінің куәлігі мен белгісін табыстады. 1980 жылы Москва қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров тілек айтып, спортшыларымызға ақ жол тіледі.

Лондонда өтетін Олимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төленетін бір жолғы төлемақы көлемі

1-орын - баламалы мөлшерде 250 000 АҚШ доллары;

2-орын - баламалы мөлшерде 150 000 АҚШ доллары;

3-орын - баламалы мөлшерде 75 000 АҚШ доллары;

4-орын - баламалы мөлшерде 30 000 АҚШ доллары;

5-орын - баламалы мөлшерде 10 000 АҚШ доллары;

6-орын - баламалы мөлшерде 5000 АҚШ доллары.

Жеңіп алынған жолдамалар саны

03.07.2012 ж.