12 мемлекеттің энергетика саласындағы компаниялары Алматыдағы көрмеге қатысуда

ХІ «Power Kazakhstan» - «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау», «Lighting Kazakhstan» - «Жарықтандыру, жарық техникасы, диод жарығы технологиялары» және «ReEnergy Kazakhstan» - «Жаңғырмалы энергия көздері, энергияүнемдеу, энерготиімділік және қуат көздерін үнемдеу» тақырыбы бойынша өтуде.

1 қарашаға дейін созылатын бұл шарға 12 елден 160-тан астам компания өз экспозицияларын ұсынды. Ал Словакия, Чехия және Қытай мемлекеттері ұлттық стендтерімен қатысуда. Дәстүрлі энергетикалық бұл көрмелердің ұйымдастырушылары отандық «Itecа» көрме компаниясы ұлыбританиялық «ITE Group plc», германиялық «GIMA» және қытайлық «ITE China» компанияларымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.