Ол премьер-министр Асқар Маминді проблемаларды жою бойынша шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл халқының суға қол жетімділігінде елеулі проблемалар бар, ал бұл 2607 ауылда тұратын, әлі күнге дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 1,2 миллион адам.
Негізгі себеп бюджеттік бағдарламаны қанағаттанарлықсыз әкімшілендіру және 2019-2020 жылдары бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмеуі, бір мезгілде тапсырыс беруші де, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі де болып саналатын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің қанағаттанарлықсыз және жауапсыз қызметі ", - деді депутат премьер-министрдің атына жолдаған сауалында.
Оның айтуынша, комитет басшылығының үнемі ауысуы және жекелеген лауазымды тұлғалардың біліксіздігі алға қойған міндеттерді орындауға кедергі келтіреді.
"Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының өткен ғасырдың 60-80 жылдарында салынған су құбырларының 67 пайызы немесе 1955 километрі әбден тозған, ал топтық сумен жабдықтау жүйелерінің ақаулы техникалық жағдайы төтенше жағдайларға алып келеді. Олар Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 200-ден астам ауылдық елді мекенін сумен қамтамасыз ету үшін қауіп төндіреді.
Магистральдық құбырлардың қатты тозуына байланысты тасымалдау кезінде судың жалпы шығынының мөлшері 65 пайызды құрайды", - деді Сұлтанов.
Ол Пресновский топтық су құбыры мәселесі туралы айтты, оны іске асыру 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді, бірақ аяқталар түрі жоқ.
"2019 жылы жұмыстарды орындау қарқынының төмендігіне байланысты 2,9 миллиард теңге игерілмей, бюджетке қайтарылды. 2020 жылы жобаны жалғастыруға 1,1 миллиард теңге бөлінді, бұл қаражаттың игерілмеу қаупі бар", - деп атап өтті сенатор.
Осыған ұқсас жағдай, оның айтуынша, Соколовский топтық сумен жабдықтау жүйесін қайта құруда да байқалады. Бұл нысанда жұмыс мерзімдері мен кестесі бұзылған. Жоба кезеңінде жоспарланған қаражаттың жеті пайызы ғана игерілді.
"Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Осы мәселенің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, сізден СҚО ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету проблемаларын жою бойынша тиімді шаралар қабылдауыңызды және заңнамада белгіленген тәртіппен жазбаша жауап беруіңізді сұраймын", - деді депутат премьер-министрге.