12 қаңтарда Алматыдағы халықаралық трамплин кешенінен Азиаданың алау эстафетасы бастау алады

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, оңтүстіктегі басты шаһар көшелерімен алау алып өтетін 80 алаугердің қатарында Гуанчжоудағы XVI жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері,боксшы Саида Хасенова, федерация президенті Тимур Құлыбаев, сондай-ақ осы федерацияның атқарушы директоры Данияр Әбілғазин бар.

13 қаңтар күні алау эстафетасын Тараз қаласы қабылдайды.