12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын,  жаңбыр аралас  қар жауады.

Шығыста, республиканың орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді. 

Еліміздің солтүстігінде, шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі