12 жасар қыз отқа оранған үйден төрт баланы алып шықты

Бұл оқиға тамыздың аяғында Октябрьский кентінде орын алды. Өрт басталған шақта үй ішінде  бес бала жүрген. Әке-шешелері болса, жұмыста. Алайда 12 жастағы қыз асып-саспаған. Кіре берісте түтіннің будақтап  жатқанын  көрген бетте дереу асхананың терезесі арқылы барлық баланы кезек-кезегімен қолынан тартып алып, сыртқа шығарып үлгерген.

Құтқарушылар өрт орнына келгенде үй лапылдап жанып жатқан.  Өрт салдарынан үйдің орны ғана қалды. Оның шығу себебі тексеріліп жатыр.