Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазба екі жастың үйлену тойында түсірілген. Онда жастардың бір-біріне неке жүзігін таққан сәтін көруге болады. Қалыңдықтың есімі Гүлзат Әуезбекова, 22 жаста. Ақтөбе облысы, Ембі қаласының тумасы. Ал күйеуі Ғалымжан Бағытжанов Атырау қаласының жігіті. Жасы 25-те. Гүлзаттың бойы — 155, ал жолдасының бойы 140 сантиметр екен.
Бүгінде жас отау иелері Ақтөбедегі Қурайлы ауылында қара шаңырақта тұрады.
Олар 2020 жылдың тамызында "Вконтакте" желісінде танысқан екен. Кейін телефон нөмірімен алмасып, араласа бастапты. Бірақ қазбалап ешнәрсені сұрамадым дейді. Бойжеткен кездесуден біраз уақыт бас тартып жүріпті.
"Білмеймін неге екенін, мүмкін қорықтым ба? Бірақ онымен сөйлескім келіп тұрады. Өте сондай жарқын, қызық адам. Оны шынайы өмірде көрмесем де бұрыннан танитын жақын адамымдай қабылдадым. Көп ойланып, кездесуді жөн көрдім. Шыны керек, алғашында аздап шошып кеттім. Ішімнен "мен не істеп жүрмін, ата-анам білсе не болады?" деген ойлар кетті. 5 минуттай жүріп үйге кетіп қалдым",-деді Гүлзат Әуезбекова.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоны көргендер қалыңдықтың таңдауына таң қалып, тіпті сынның астына алғандар да жетерлік. Кейбірі намысқа тиетін сөздер жазса, ал кейбірі екі жастың бақытын тіледі. Жас келін көптің пікіріне аса мән бермейтінін айтты.
Видеоны көрген желі оқырмандары. "Екі жас бақытты болсын", Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман","Махаббат жасқа қарамайды",Қыз ерлік жасапты жарайсың", "бақытты болыңдар",- деген пікірлер қалдырды.
ВИДЕО:
https://www.instagram.com/exk.kz/p/CY6vU-GqwS8/?utm_medium=share_sheet