Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Қияметтің кіші белгілері бітті, аяқталды. Енді қияметтің үлкен белгілері қалды. Қияметтің бұдан былай шығатын кішкентай белгілері қалмады. Ештеңе қалмады. Бітті. Бәрі бітті. Не қалды? Тек үлкен белгілері қалды. Ендігі кезекте имам Махди. Тағы не бар? Дадджал.Иса пайғамбар. Яжүж-Мәжүж. Даббатүл Арз.
Күн батыстан туады. Күн батыстан шыққан соң, 120 жылдан кейін ақырзаман болады. Бәрі бітеді. Ешқандай амал қабылданбайды. Ешкімнің иманы қабылданбайды. Сол кезде 3 күн 3 түнге ауысады. 3 күн қараңғы түн болады. Балалар қараңғылықтан қорқып қатты жылайды. Жан-жануарлар ашықтан, су жоқтықтан бақырады. У-шу болады. 3 күннен соң, күн батыстан шығады. Бәрі бітеді", дейді имам.
Loading...