Caravan Logo

12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп некелерін қидырады

12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп некелерін қидырады

Жас жұбайлар әдемі дата оларға болашақ отбасылық өмірлерінде сәттілік алып келеді деп сенеді.

Бүгін 12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп заңды некеге тұруды жоспарлауда, бұл әдеттегі күндерден 2 есеге көп, деп хабарлады Әділет департаментіне сілтеме жасап Астана қаласының ресми сайты.

«Бүгін Алматы ауданында - 45 жұп, Сарыарқа ауданында - 60 және Есіл ауданында 32 жұп отбасын құруға ниетті», - деп нақтылады департаментте.