Зағиптардың халықаралық күні. 1784 жылы Парижде соқырларға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашушы, ағартушы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы француздық Валентина Гаюидің (1745-1822) туған күніне орай атап өтіледі.
Ресейде радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қорғау әскерлері күні. Республиканың Революциялық Әскери Кеңесінің №220 бұйрығымен іс-қимыл үстіндегі армияда алғашқы химиялық қорғау органдары мен бөлімшелері құрылған 1918 жылдың 13 қарашасы - Радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қорғау әскерлерінің ресми құрылған күні болып есептеледі. 1992 жылдың тамызынан бастап химиялық әскерлер қазіргі атауларына ие болды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
20 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы жарық көрді.
16 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға ҚР Президенті Н.Назарбаев қатысып, мұражайдың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазба қалдырды.
Ұлттық банк мұражайы қорында 5 мыңнан астам экспонат қойылған. Олардың қатарында Николай ІІ патша бейнеленген құны 5 және 10 рубльдік монеталар, 1898-1899 жылдардағы Ұлы Петр, Екатерина ІІ, Николай ІІ, Александр ІІІ бейнеленген патшалық Ресей шақалары, Австрия-Венгрия, орыс-поляк, Қытайдан, Польшадан, Мексикадан әкелінген монеталар, неміс рейхсмаркалары, Кеңес өкіметінің құрылуы кезеңінде 1918 жылы шығарылған «апиын ақшалары» және 1920 жылы шығарылған «жібек ақшалар» деп аталатын банкноттар мен шақалар, алыс және таяу шет елдердің ақша белгілері, Қазақстан теңге сарайының бұйымдары, т.б. сақталған.
7 жыл бұрын (2006) Оралда «Батыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің тарихы» электрондық ақпараттық анықтамалық жарық көрді. Басылымда БҚО-ның мұрағаттары мен мұражайларынан алынған нақты статистикалық мәліметтер келтірілген. Анықтамалықтан құжаттамалық мәліметтерді, соның ішінде XIX ғасырдан бастап қазіргі күндерге дейінгі кезеңді қамтитын суреттер де бар, осы аумақтағы алғашқы педагогикалық басылымдар жайлы, балалар ұйымдары, оқушылар саны, т.б. туралы білуге болады.
7 жыл бұрын (2006) Павлодар облысының Екібастұз қаласында алғашқы «сөйлейтін» бағдаршамдар қойылды. Олардың бірі соқырларға арналған кітапханаға барар жолдағы көшеге орнатылса, екіншісі әлеуметтік қорғау бөлімі орналасқан ғимаратқа қарсы орнатылып, зағип қалалықтарға үлкен көмек көрсетуде. Бағдаршам күшті естілетін және айқын дауыспен жүргіншілерге жасыл шам жанғанын хабардар етеді. Бұл көшелерден өту нашар көретіндер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сөйлейтін бағдаршам көздері көретіндерді де тәртіпке келтіргені даусыз.
7 жыл бұрын (2006) Қызылордада терме жанрындағы мақамдар жинағынан тұратын белгілі күйші Ерболат Мұстафаевтың кітабы жарияланды. Бұл кітап «Мәдени мұра» және «Өнер жылы» аумағында шығарылып отыр. Аталған жанрда халық аңыздары және ауыз әдебиеті шығармалары өлең түрінде домбыраның сүймелдеуімен орындалады. Автор - республикалық және халықаралық өнер сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы, орындаушыларға және музыка сүйетіндерге танымал немесе онша танымал емес 35 жырды зерттеп, нотаға түсірген, сөйтіп оларды осы жинаққа ендіріп отыр.
6 жыл бұрын (2007) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұсынан Сыр өзені арқылы өтетін жаңа көпір іске қосылды.
Енді бұл көпір арқылы дарияның арғы бетіндегі ондаған ауылдың мыңдаған тұрғыны еркін қарым-қатынас жасайды, бұрын осы жерден халық паром мен қалқымалы көпір арқылы өтетін.
6 жыл бұрын (2007) Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Фолиант» баспасынан шыққан «Бабалар сөзі» қазақ фольклоры көп томдығының алғашқы кітаптары таныстырылды.
100 томдық жинақтың алғашқы 35 кітабында халқымыздың батырлар жырлары мен тарихи жырлары, хикаялар, ғашықтық және діни дастандары топтастырылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарыққа шығып отырған «Бабалар сөзі» шығармалар жинағының алғашқы 35 томы Қазақстанның және шетелдің мұрағаттарынан алынған тарихи қолжазбалардың негізінде үш жыл бойы басылып келген. Сондай-ақ іс-шара барысында «Аударма», «Раритет» және «Балалар әдебиеті» баспаларынан шыққан жаңа кітаптардың таныстырылымы болды.
ЕСІМДЕР
59 жыл бұрын (1954) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі БАЗАРБАЕВ Асқар Ермырзаұлы дүниеге келді.
Талдықорған қаласында туған. Еңбек жолын 1971 жылы Алматы кен емес материалдар комбинатында жұмысшы болып бастады. 1977 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Қарағанды облысында жұмыс істеді. 1977-1980 ж.ж. - Қарметкомбинаттың автоматтандыру және механикаландыру зертханасында инженер, бас инженер. 1980-1982 ж.ж. - Қарметкомбинат партия комитетінің нұсқаушысы. 1982-1983 ж.ж. - Қазақстан Компартиясы Теміртау қалалық комитеті өнеркәсiп-көлiк бөлiмiнiң нұсқаушысы. 1983-1988 ж.ж. - Қазақстан компартиясы Қарағанды облыстық комитеті өнеркәсiп бөлiмінің нұсқаушысы, меңгерушiсiнің орынбасары. 1988-1991 ж.ж. - Қазақстан компартиясы Теміртау қалалық комитетінің екiншi, содан кейін бiрiншi хатшысы. 1991-1996 ж.ж. - «Текстиль» Қазақстан - Швейцария бiрлескен кәсiпорны өкiлдiгінің директоры, Қарметкомбинаттың Алматы қаласындағы өкiлдiгі бас директорының орынбасары. 1996-1999 ж.ж. - «ХлебЛТД» ЖШС директорының орынбасары, «Базарстан» ЖШС президенті. 1999-2002 ж.ж. - Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі. 2002-2007 ж.ж. - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2007-2009 ж.ж. - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2009-2012 ж.ж. - «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдарымен марапатталған.
73 жыл
бұрын (1940) әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қор басқармасының мүшесі, Орталық Азия Халық академиясының академигі, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры ХАСАНҒАЛИЕВ Ескендір Өтегенұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
1965-1968 жылдары - Қазақ радиосының музыка редакциясының редакторы. 1968-1970 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы әрі «Айгүл» вокалдық квартетінің жетекшісі болды. 1970 жылдан - Қазақстан Телевизия және радиохабар жөніндегі комитетінің әншісі.
Оның алғашқы әні 1961 жылы «Анаға сәлем» деген атпен елге танылып, одан кейін «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғай», «Әдемі-ау» т.б. жұртшылық сүйіп айтар әндер жазды. Сонымен қатар «Тақыр», «Нан мен тұз» фильмдеріне «Студенттер» спектакліне музыка жазды. Композитордың 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалары бар. Әндері бірнеше рет үнтаспаға және компак-дискіге басылып шыққан.
«Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Комсомолы сыйлығының иегері.
58 жыл бұрын (1955-2002) Халықаралық дәрежедегі хоккейден спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы АЛЕКСАНДРОВ Борис Викторович дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Ол Өскемен хоккей мектебінің ең жақсы хоккейшісі болды.
«Торпеда» (Өскемен) жасөспірімдер құрама командасында ойнаған. Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.Тарховтың шәкіртті. ЦСКА командасының құрамында КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.
1980-1983 жылдары - «С» командасында (Мәскеу). 1983-1989 жылдары - «Торпеда» командасында. 1989-1991 жылдары - Италияның, 1991-1992 жылдары - Венгрияның жоғары лигасының клубында өнер көрсеткен. 1993-1994 жылдары - «Торпеда» командасында. 1994 жылдан - «Торпеда» командасының аға жаттықтырушысы. 1997 жылдан - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған.
Өскемен қаласындағы Спорт сарайына Александровтың есімі берілген.
56 жыл бұрын (1957) ҚР Президентінің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі ӨТЕМҰРАТОВ Болат Жәмитұлы дүниеге келді.
Атырау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.
1981-1982 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, 1982-1983 жылдары - Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986 жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорының орынбасары, директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары - Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары - Экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1992-1993 жылдары Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры. 1993-1994 жылдары - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары - ҚР Президентінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2003-2006 жылдары - ҚР Қаупсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары - ҚР Президентінің Іс басқарушсы. ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдан бері.
56 жыл бұрын (1957) Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі ТҰРСЫМҰРАТОВА Әлия Жақыпқызы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика факультетін бітірген. 1979 жылдан - Қ.Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия коминаты ақпараттық-есептеу орталығында инженер-бағдарламашы. 1986 жылдан - Алматы ауыр машина жасау зауытында автоматты басқару жүйелері бөлімінің инженер-бағдарламашысы. 1987 жылдан - Алматы қаласы Ленин аудандық атқару комитетінде аудандық жоспарлау бөлімінің экономисі, бас маман, әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің меңгерушісі., Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі. 2002 жылдан - Алматы қаласы әкімдігі шағын бизнес департаменті директорының орынбасары. 2005 жылдан - «Гүлден-Сауда» ЖШС (Алматы қаласы) қаржы директоры. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бері.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. .
192 жыл бұрын (1821) орыс ренволюционері ПЕТРАШЕВСКИЙ Михаил дүниеге келді.
58 жыл бұрын (1955) американдық театр және кино әртісі, тележүргізуші Вупи ГОЛДБЕРГ дүниеге келді.
163 жыл бұрын (1850) шотланд жазушысы және ақын, «Қазына аралы» кітабының авторы Роберт Льюис СТИВЕНСОН дүниеге келді.