13 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын, елдің оңтүстік шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 

Антициклон сілемі бар Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.