Жоба ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығы бойынша іске асқан, деп хабарлайд Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба аясында енді шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы ЖСН ала алады" , – делінген құжатта.
Жобаның қолданылу мерзімі - 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін алады.
Азаматтың ҚР шет елдердегі мекемесіне жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін азамат мекемеге өзі жүгінуі керек. Сонымен қатар, төмендегі құжаттар қажет:
Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің Аты, туған жері) жазылуы болмаса, нотариат куәландырған құжаттың тиісті аудармасын қосымша алып келу керек.
Қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар қабылданбайды.
Қызметті алушы қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін:
Өтінімнің дайын болу реттілігі:
Пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізімі бекітілді. Оның құрамына республиканың 96 елшілігі мен консулдығы кірді.
Бұйрық 2024 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.