Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін түнде Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді.
Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елде бірминуттық үнсіздік жарияланады.
Бүгін көңіл көтеру іс-шаралары өтпейді, радио және телеарналарда
ойын-сауық бағдарламалар мен жарнамалар көрсетілмейді. Қазақстанда көптеген БАҚ трагедияға байланысты ақ-қара түсті форматқа ауысты.
Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 375 адам қайтыс болған.