45 жыл бұрын (1968) ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы ҚОЖАҒАПАНОВ Ерлан Тоқтарханұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден академиясын бітірді. Еңбек жолын 1990 жылда "Сәлем" ЖШС директоры болып бастады. 1994-1997 жылдар аралығында "Қазкоммерцбанк" ААҚ басшы лауазымдарда жұмыс істеді. 1997-1998 жылдар аралығында - ҚР Транспорт және коммуникация министрлігінің "Қазақстан темір жолы" МТҚ бас басқармасының бастығы. 1998 жылдың мамырынан қарашасына дейін ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің қаржы-экономикалық басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2002 жылдың шілдесінен қазанына дейін ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2002-2006 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2006 жылдың қарашасында Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі болып тағайындалды. 2007 жылдың тамыздан бастап - Астана каласы әкімінің орынбасары. 2013 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2 дәрежелі "Айбын, "Құрмет ордендерімен, 4 медальмен марапатталған.
199 жыл
бұрын (1814-1874) швед физигі және астрономы АНГСТРЕМ Андерс Йонас Ангстрем дүниеге келді.
184 жыл бұрын (1829-1905) орыс физиологы, физология мектебінің негізін салушы СЕЧЕНОВ Иван Михайлович дүниеге келді.
124 жыл бұрын (1889-1943) француз жеңіл атлеті, жазғы Олимпидалық ойындардың жүлдегері АНДРЕ Жорж Иван дүниеге келді.
114 жыл бұрын (1899-1980) ағылшын және американ кинорежиссері ХИЧКОК Альфред дүниеге келді.
87 жыл бұрын (1926)әлемдік аренадағы ең танымал саяси қайраткерлердің бірі, Кубаның революциялық, мемлекеттік, саяси және партия қайраткері, команданте, 1976-2008 жылдардағы Куба Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Фидель Кастро РУС дүниеге келді.
59 жыл бұрын (1954) ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілі ЛАЗАРЕВ Сергей Аркадьевич дүниеге келді.