Бұл туралы әжей журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбат кезінде айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Балам “апа, 10-15 минутқа шығып келейін” деп шығып кетті. 20 минут өткен соң “немерең қайда” деп қоңырау келіп түсті. Немеремді біреуі шақырып алып, екіншісіне алып барған, ал екіншісі дайын тұрған. Біреуі алдап шақырып алып өлтіріп баратын баланың есігіне алып барған. Ол бала пышақпен шыққан кезде анау бала қашып кеткен. Кейін екі баланы алып кетті, екеуі де отыр деді. Ал кеше кешке біреуін жындыханаға жіберді дейді. Анықтама жасату үшін”, - деді әжей.
Сондай-ақ, марқұм баланың нағашы әжесі немересінің “9 рет пышақталғанын” айтып берді.
”Ондай балаларға қандай тәрбие беретіндерін білмеймін, бұл жағдайға миым жетпейді. 13 жасар бала 12 жасар баланы 9 рет пышақтап, 40 секундта өлтірсе ол бала емес, ол бәле. Оны қазір шығады, ол сосын 99 баланы өлтіреді. 14 жастан бастап отырғызады деген ол қандай заң”, - деді әжей.
Қылмыс орнына барған марқұмның туысы Ғалия Үсенова жағдайдың қалай болғанын айтып берді.
”Біз дәлізге барған кезде бала түзу емес жатыр екен. Басының бәрі, үстінің бәрі қан, пышақтың іздері тұр. Бинт тығып қойған, оны алсаң іші ақтарылып жатыр. Үсті жып жылы екен, бірақ бала кетіп қалған екен”, - деді туысы.