13 жасар қыз Нұра өзеніне батып кетті - Ақмола облысы

Қайғылы оқиға Целиноград ауданындағы Р.Қошқарбаев ауылында орын алған. Ауыл маңынан 300 метр қашықтықта ағып өтетін Нұра өзеніне шомылмақ болған 2001 жылғы 7 сынып оқушысы Карина Данилованы ағыс алып кетті. 

Құтқару жұмыстарына Астана қаласындағы ҚР ТЖМ Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының 3 қызметкері және 1 құтқару техникасы тартылып, қыздың денесін судан алып шықты.