Оның елде тағы бір 13 жастағы қызы қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист Гүлбану Әнияттың хабарлауынша, марқұмның 13 жастағы ерекше қызы болған.
«Тағдыр деген… Бұл видеоны Түркияға демалуға барып, жол апатынан кеше опат болған әріптесіміз Арайлым Бағытжанның парақшасынан алдым. Келесі жазда аман жүздесейік деп салған соңғы видеосы екен. Екі жастағы қызын өзімен бірге ала кетіпті…
9 жастағы ұлы аман, жолдасы жансақтауда.
Жап-жас бола тұра ерекше балаларға арнап “Зейін Атырау” орталығын ашып, қиналған жандарға көп көмектесіпті. Орталықты ашуына 13 жастағы қызының ерекше болуы себеп болған. Қандай қиын… Шырылдап балапанымды қатарға қоссам деп, орталық ашып, жанталасты. Жүгірді. Бәрі бір ақ сәтте үзілді.
Өзім де ерекше қыз өсіріп отырғасын, анасынан айырылған Сағыныштың ендігі тағдырын ойлап кеттім… Қазір ерекше қыз Сағыныш инклюзивті мектепке барып жүр екен (парақшасынан көрдім) Балапан бақытты болсын. Анасының арманын орындасын. Жансақтаудағы жолдасы аман-есен жазылып, отбасына оралсын», - деп жазды журналист.