13 жасында тұрмысқа шығып, 12 бала тапқан әйелге пәтер берілді

Айсұлу Жалилова қайырымды жандардың арқасында 5 бөлмелі пәтерге қол жеткізді, деп жазды sn.kz

Қуанышты жаңалықты «Шаңырақ» бағдарламасынан естіген ана жақсылықтың жаршысы боп жүрген барлық ізгі жанға алғысын айтады.

Айта кетейік, Қазақстанға Ираннан келген Айсұлудың ата-анасы бала күнінде қайтыс боп кеткен. Ал туыстары оны 13 жасында мәжбүрлеп тұрмысқа шығарған. 14 жасында әйел тұңғышын дүниеге әкеліпті.