13 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғызстандық Атыраудан табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

2011 жылы Атырауға Қырғызстан Республикасының екі азаматы киім сатуға келген. Сол жылы бірі Отанына оралуды ұйғарып, екіншісі сонда қалған. Олар соңғы рет 2013 жылы телефон арқылы сөйлескен. Содан бері байланыста болмаған.

Бірнеше жылдан кейін туыстары оны іздестіруді бастаған, бірақ нәтиже болмады. Кейін Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы құрған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматты іздеуге кіріскен. Хабарсыз кеткен әйел жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзуді жөн санаған.

Хабар-ошарсыз кеткен әйелдің туысы тәртіп сақшыларына жемісті жұмысы және оның отбасымен қауышуына көмектескені үшін алғыс білдірді.


"Жоғалған жақындарды 13 жылдан кейін кездестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне рақмет. 13 жыл бойы армандап, осы сәтті күттім. Қуанышымда шек жоқ!" - деп туысқандар көзіне жас алды.