Туризм және спорт министрлігі 132 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомстваның мәліметінше, 130 мыңнан астам адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеді. Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.
18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.
Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады.
"Сақ болыңыз! Өзін шектеу заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге қолданылмайды. Заңсыз ойын ресурстарына барудан аулақ болыңыз", - деп хабарлады министрлік мәлімдемесінде.