138 Қазақстандық жолаушы Антальядан Астанаға ұша алмай қалды


Себебі Air Astana әуе компаниясының «Боинг 757» ұшағында ақаудың бары байқалған. Салдарынан «Анталья-Астана» рейсі кейінге шегерілді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі ресми парақшасында жазды. Алайда отандастарымыздың жағдайы жіті бақылауда. «Авиа-тасымалдаушының ақпаратына сәйкес, 138 жолаушы Sera Hotel қонақүйіне орналастырылды. Мәлімет бойынша, ұшып шығу уақыты 27 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-ге белгіленген», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.