13-сәуірде Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезектен тыс отырысы өтеді

"Бұған дейін босқа кеткен уақытты өтеу үшін кезектен тыс кездесуді өткізуге шешім қабылдадық. Біз президенттердің қол қоюы үшін шілде айына дейін келісімдер топтамасының жобасын әзірлеп бітіруіміз керек",- дедә С.Мыңбаев.

ҚР үкімет басшысының орынбасары осы орайда Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі кезек күттірмейтін 29 келісім бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын еске салды. "18-сәуірде сарапшылар Мәскеуде жиналып, барлық мәселені сарапқа салады",- деді ол.
Бүгін Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Украинаның экономика министрі Сергей Терехин Біртұтас Экономикалық кеңістік аясындағы еркін сауда-саттық аймағы 2005-жылдың аяғына дейін құрылады деп мәлімдеді. "Өзара интеграцияның жоғарғы болмыс-бітімі туралы сөз қозғау үшін база қажет, ал қазір ондай база болмай отыр",- деді ол. "Украина бұл орайда ешбір шектеу және тәркілеусіз еркін сауда режимін енгізу позициясын ұстанады. Біртұтас Экономикалық кеңістік құруға осы база болмақ. Ал Украина өзара сауда-саттық саласындағы барлық шектеулерді алып тастауға әзір",- деді С.Терехин.