13Я «Ява» құпия қондырғысы Қазақстанның қарамағына көшеді

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

«Бұл құпия қондырғы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр полигонының аумағында шалғайдағы құмдауыт аймақта салынған болатын, 1966-1979 жылдары онда 17 жерасты жарылыстары жасалды. Қондырғы - Астраханьнан 7 қуатты әскери тягачтармен полигонға жеткізілген орасан зор шар тәрізді. Ол терең суға батыру жағдайында әртүрлі техниканы сынауға арналған. Техника өте берік жасалған, оны өнеркәсіптік қондырғы ретінде пайдаланып, жарылыс әдісімен  ірі жасанды алмаз, нитрит боры жартылай кристальдарын  алуға болады. 2003 жылы «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның «Ядролық физика институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнында сақтауға қойылып, РФ-ның Дубна қаласындағы «Біріккен ядролық зерттеулер институтының» қарамағына берілген болатын. Ол біздің еліміздің «Біріккен ядролық зерттеулер институтын» ұйымдастыруға 1993-2003 жылдардағы үлестік жарнасын төлеу есебіне берілді. Қондырғының бағасы 5 млн. 636,6 мың доллар», - деді С.Еңсегенов.

Ресей Федерациясы қондырғыны пайдаланбағандықтан, бірнеше жыл бұрын оны Қазақстанның қарамағына қайтару жөнінде келіссөздер жүргізілді. Үкіметаралық деңгейде жүргізілген бұл келссөздер аяқталды.


«Қазіргі кезде 13Я «Ява» қондырғысын қазақстандық ядролық физика институтының қарамағына беру үшін заңды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде»,-  деп мәлім етті С.Еңсегенов.