Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімі бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағанын анықтады. Қайта тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері баға мониторингі кезінде бағаны қолдан көтеруге байланысты және басқа да осындай деректерді анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қармақшы ауданының №275 орта мектебі балаларға 1 670 143 теңгенің күртешесін сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Жалпы 208 миллион теңгеден аса сомаға 125 күртеше сатып алу жоспарланған. Ұсынысқа сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілген. Жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңгеден асты. 206 680 197 теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат қайтарылды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.
Бұл бірінші жағдай емес екені белгілі болды. Антикор облыстың 11 мемлекеттік мекемесі дизель отынын 280 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензинді 205 теңгеден сатып алуды жоспарлағанын анықтады.
"ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес дизель отынының литрі 230 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 182 теңгеден аспауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу лоттарын қайта қарау туралы ұсыныстардың қорытындысы бойынша 38 243 349 теңге сомасында бюджет қаражаты үнемделді", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.
2022 жылғы екі айдың қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстар нәтижесінде жалпы сомасы 351 230 304 теңге бюджет қаражаты үнемделген.