14 жастағы қырғызстандық АҚШ президентінің грамотасына ие болды

«Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы филиалының директоры Динара Сүймалиева.

Оның сөзіне қарағанда, 14 жастағы Бекназар алты жыл бұрын жанұясымен бірге АҚШ-қа кеткен.

«Қазір ол 8 сыныпты бітірді. Вайоминг штаты Шеридан қаласындағы мектепте оқиды. GPA бойынша 100 ұпайдың 100-ін жиған ол АҚШ-тың үздік 10% оқушыларының қатарына енген», - деді Д. Сүймалиева.

Бекназар үздік оқығандығы үшін АҚШ  президенті Барак Обаманың қолы қойылған грамотаға ие болды. Оқушы болашағын медицинамен байланыстыруды жоспарлап отыр.


Атап өтейік, АҚШ-та GPA (Grade Point Average) жүйесі бойынша оқу үлгерімінің орташа ұпайы есептеледі.