"14 жылдық әңгіме бітсін": Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовтан кешірім сұрады

“Paradox” бағдарламасында жүргізушісі Асхат Садырбай Жұлдызайға: “Шаншар” театрының директоры Уәлибек Әбдрайымов бір сұхбатында сіздің кешірім сұрау керектігіңізді айтыпты. Сіз не себепті кешірім сұрауыңыз керек?” деген сауал қойған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

"Адам жасы үлкейген сайын ренжігіш болады екенсің. Әйтпесе мен Уәкең туралы осы күнге дейін ешқандай "Осы кісі оңбаған. Осы кісінің кесірінен аш қалдым" деп айтқан емеспін. Бірақ біреу ""Аш қалдым!" деп айтты" Жұлдызай деп айтыпты біреу Уәкеңе. Мен ол кісінің алдында дұрыс емес нәрсе жасадым деп ойламаймын.

Бірақ егер менің бір ренжіткен көкені, көңіліне тиетін байқамай, мүмкін эмоциямен айтылып қап өзіне қабылдап қалған жері болса бүткіл ел, дүйім жұрттың көзінше сізден кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіз.


Осымен 14 жылдық әңгіме бітсін. Ұзап кетті әйтпесе", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.