"15 дубль жасадым". Актер Айгүл Иманбаевамен сүйіскен сәттен алған әсерін айтты

Актер Шерхан Пірназар түсірілім кезінде алған әсерімен бөлісті.

“Айгүл Иманбаеваны бала кезден білеміз ғой. Ол кісімен сүйісіп көру керек. Көзбен көріп, дәмін сезіну қажет. 15 дубль жасадым. Съемканың соңғы сахнасы болғандықтан барынша создым. Бүкіл команда "Сүйісіп болған шығарсыңдар?" деп ренжіді”, – дейді жас актер.

Өз кезегінде, Айгүл Иманбава да сол сахнаға қатысты пікір білдірді.

“Оны да көру керек. Сүйіс 12 дубль болды. Жалпы, ол әртістік шеберлік. Қалай ұру керек, сүйісу керек оның өзінің техникасы бар. Мұны “біздің менталитетке сай келмейді” деп қабылдауы мүмкін. Бірақ өмірдің өз шындығы бар”, – деп ойын ашық айтты өнер иесі.