15 қараша - Ұлттық валюта күні

1993 жылы дәл осы күні ұлттық валюта алғаш рет айналымға енгізілді, содан бері теңге қаржы нарығындағы түрлі қиындықтар мен өзгерістерге қарамастан табысты дамып келеді.

Өзінің ұлттық валютасының болуы – мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы, елдің қаржы жүйесінің негізі әрі отандық экономиканы дамытудың негізі.

Ұлттық валютамыз – теңгеден тапшылық көрмей, қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізіп, өсіп-өркендей беріңіз! Ал теңгеге тұрақтылық, орнықтылық пен ұзақ мерзімді нығаю тілейміз!