15 келі марихуанамен ұсталған Тараз тұрғыны 11 жылға сотталды

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен ақпараттандырғандай, Тараз қаласының тұрғыны өзінің Subaru Forester көлігімен Атырау қаласына жалпы салмағы 15 келіге жуық есірткілік зат - марихуананы тасымалдаған. Оны Атырау қаласында полиция қызметкерлері ұстады.

Сот үкімі бойынша сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабының  3-бөлімінің 3-тармақшасымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.