15 мамырдан бастап тізгіні оң жақтағы көліктерді Қырғызстанға енгізуге тыйым салынуы мүмкін

Б. Барбиев хабарлағандай, мониторинг екі жыл ішінде Қырғызстан аумағына 12 мың тізгіні оң жақтағы көліктердің енгізілгенін көрсеткен. Жол-көлік оқиғалары кезінде олар сол жақ рөлді көліктермен салыстырғанда өлім жағдайын екі есе көп тудырған. Осыған байланысты оң жақ рөлді көліктерді енгізу және тіркеуге тыйым салу туралы заң жобасы жасалды.

Жогорку кенештің салалық комитеті осы заңнаманы қазірдің өзінде қолдап отырғаны жөнінде Б. Барбиев құлағдар етті. қазір ол жоба парламент талқылауында. "Егер депутаттар заң жобасын қолдаса, 15 мамырдан бастап оң жақ рөлді көліктерді енгізу мен тіркеуге алуға тыйым салынбақ", - деп хабарлады ІІМ Мемлекеттік автоинспекция басшысы.

Б. Барбиевтің айтуынша, оң жақ рөлді көліктердің қазіргі иелерінің құқы тапталмақ емес. Көліктер өз иелерінің пайдалануында қала беретін болады.