"15 млн-ға сатып алуға келіскен": Bayansulu автордың өзі қаламақыдан бас тартқанын айтты

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, продюсерімен жұмысын тоқтатқаннан кейін композитор Қуат Әбілов әндердің авторы өзі екенін айтып, әр шығарманы 30 мың долларға сатып алуды ұсынған.

“Әр ән 30 000$ деген баға қойды. Немесе барлық жерлерден әндерді өшіремін деді. Әрине бұл үлкен сумма, менде ондай ақша болған жоқ. Сондықтан мен өшіре беріңіз деп айттым. Одан кейін өздеріңіз білесіздер әндер ютубтан өшіп кетті.

Уақыт өткеннен кейін, Қуат Әбіловпен келісімге келдік. Барлық әнді 15 млн теңгеге сатып аламыз деп келістік. Қуат Әбілов өзі келісті, қол берді. Келісімнен кейін 2 сағаттан соң келісім шартпен қол қоюға барғанда Қуат Әбілов өзі берген сөзінен тайып, әндерді сатудан бас тартты. Және барлық жерден өшіремін деді. Сосын видеоны желіге салды.
Біз сатып аламыз дедік әндерді! Біз ақы жемейміз! Еркектің қол бергені қазір қалай бағаланып жатыр”, - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Әбілов әншіні сотқа бергені туралы мәлімдеген болатын.